Оның ﷺ ардақты тегі
Ардақты тегі
Ол – Мұхаммед ибн Абдулла ибн Абдулмутталиб ибн Хашим ибн Абдуманап ибн Қусай ибн Киләб ибн Мурра ибн Кағб ибн Луәй ибн Ғалиб ибн Фиһр ибн Мәлик ибн ан-Надр ибн Кинәнә ибн Хузайма ибн Мудрика ибн Илиас ибн Мудар ибн Низар ибн Мағд ибн Аднан. Оның тегі Ибраһим Халилұлы Исмаилға (оларға Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барып тіреледі.
Оның ﷺ тегінің ардақтылығы
Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Ақиқатында, Алла Исмаилдың ұрпағынан Кинәнәні, Кинәнәдан Құрайышты, Құрайыштан Бәни Хашимді таңдап алды, ал мені Бәни Хашимнен таңдап алды». – Муслим риуаят еткен. Және Ол ﷺ былай деді: «Мен – Абдулла ұлы, Абдулмутталиб немересі Мұхаммедпін. Расында, Алла жаратылысты жаратып, мені жаратылыстың ең қайырлысынан етті. Сосын оларды екі топқа бөліп, мені екі топтың ең қайырлысынан етті. Сосын оларды тайпаларға бөліп, мені ең қайырлы тайпадан етті. Сосын оларды әулеттерге бөліп, мені әулеттердің ең қайырлысынан әрі ең ардақтысынан етті». – Тирмизи риуаят еткен.
- Әкесі: Абдулла ибн Абдулмутталиб – Пайғамбарымыз ﷺ дүниеге келмей тұрып қайтыс болған.
- Анасы: Әмина бинт Уаһб ибн Абдуманап әз-Зуһрия – ол ﷺ алты жасында қайтыс болған.
- Атасы: Абдулмутталиб Шайба әл-Хамд – оны екі жыл қамқорлығына алып, сосын қайтыс болған.
- Көкесі: Әбу Тәліп – атасынан кейін пайғамбарлық келгенге дейін және одан кейін де қамқорлығына алған.
- Арабтардың ішіндегі тегі ең асылы; Хашим – Құрайыштан, Құрайыш – Мудардан, ал Мудар – Аднаннан.